ШҚО-да жер үй өртеніп, қарт кісі көз жұмды

Қайғылы оқиға Глубокое ауданына қарасты Белоусовка ауылында болған

Sarbaz.kz редакторы
06/12/2023 - 23:13

Фото: ШҚО ТЖД

Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде шыққан өртті сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

YK-news басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға Глубокое ауданына қарасты Белоусовка ауылында болған.

«Өрт сөндірушілер келгенде үйдің шатыры, жиһазы мен жеке заттары жанып жатқан. Үйден ер адамның мәйіті шықты. Жедел жәрдем дәрігерлері оның қайтыс болғанын анықтады», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Анықталғандай, марқұм 1954 жылы туған.

×

Редакция

$ 517.16  588.48  6.23