Шешім жаңа жылға дейін қабылданады
Финляндияның Қорғаныс министрлігінің басшысы Антти Хяккянен Финляндия оқ-дәрі өндірісін едәуір ұлғайтатынын айтты. Бұл қадамның мақсаты – Солтүстік Еуропа елдерін ғана емес, Украинаны да қолдау, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілішісі Defence 24 агенттігіне сілтеме жасап.
«Біз Финляндияның Украинаны қаруландыру үшін оқ-дәрі өндірісін одан әрі ұлғайту туралы келіссөздерді аяқтадық. Бұл шешім жақын арада қабылданады», - деді Хяккянен Iltalehti газетіне берген сұхбатында.
Ол бұл мәселе жаңа жылға дейін шешілуі мүмкін екенін атап өтті.
«Жоспар дайын. Қазіргі уақытта оқ-дәрі өндірісін едәуір арттыру жоспары жариялануда. Мақсаты – Украинаны қазіргіден де көбірек қолдау. Сонымен бірге біз Финляндия мен Солтүстік Еуропа елдерінің оқ-дәрі өндіруге дайындығын арттыруды жалғастырамыз», - деді Хяккянен.