Бұйрық жобасының толық мәтіні «Электрондық үкімет» порталында жарияланған
Қорғаныс министрлігі «Жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шарттарды айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қорғаныс министрінің бұйрығының жобасын дайындады. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында 2022 жылғы 1 шілдеден бастап және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымын қысқарту кезінде кемінде он екі жыл және алты ай үздіксіз әскери қызмет атқарған еңбек сіңірген жылдары болған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысымен бекітілген тергеу изоляторларында және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда олардың жұмысын жалғастырған жағдайда, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызмет еткен әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және әскери киім кию құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және медициналық лауазымдары қысқартылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларының 4-тармағының 3), 4) тармақшаларына сәйкес Қорғаныс министрлігі «Жеңілдік жағдайларында зейнетақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ұшқыштар құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін шарттарды айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.
Бұйрық жобасын қабылдау ҚР Қарулы күштерінің ұшу құрамына еңбек сіңірген жылдарын есептеу тәртібін ретке келтіруге және зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдіктерді айқындауға мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 20 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14829128 сілтеме бойынша танысуға болады.