Аталмыш шараның негізгі мақсаты – сержанттар құрамына жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарды ұйымдастыру
Ақтау гарнизонындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің сержанттары әдістемелік-нұсқаулық жиынға қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Аталмыш шараның негізгі мақсаты – сержанттар құрамына жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарды ұйымдастыру әдістемесін үйрету.
«Біздің әскери бөлімде жауынгерлік даярлықтың жоспарына сәйкес, жеке батальон, рота және жауынгерлік даярлық пәндерінің нұсқаушыларымен бірге әдістемелік нұсқаулық сабақтары жүргізілуде. Осы әдістемелік нұсқаулық сабақтары кезінде сержанттарымыз өткен оқу жылын қорытындылап және алдағы оқу жылында жеке құрамды оқытып, тәрбиелеуде жауынгерлік даярлық пәндерін қамтамасыз ету мақсатында керекті білімді алады деген ойдамыз. Қазір осы сәтте біз дала жаттығуы есебінде керекті білімдерін нығайтып, әрі қарай өздерінің қызмет орындарына барып, сабақтарды өткізеді деген сенімдеміз», - деді 51809 әскери бөлімінің сержанты Рахым Күшенов.