Бұйрық жобасының толық мәтіні «Электрондық үкімет» порталында жарияланған
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерін, әскери-медициналық мекемелерін медициналық техникамен және мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған құжаттың жобасы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген ҚР Қорғаныс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 135) тармақшасына сәйкес дайындалды.
Оны қабылдау Қарулы Күштердің жеке құрамын әскери-медициналық қамтамасыз ету сапасын жақсартуға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде әскери медициналық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 19 желтоқсанына дейін танысуға болады.