Ол өзіне ұсныстар қажет екенін мәлім етті
Twitter иесі Илон Маск өзіне қызықты балама ұсынылса, әлеуметтік желінің логотипін өзгертуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Жақында біз Twitter брендімен және біртіндеп құстармен қоштасамыз», - деп жазды ол өзінің твиттерінде құстың қазіргі логотипі мен бейнесін меңзеп.
Масктың пікірінше, аталған әлеуметтік желіге латынның «Х» әрпі қолданылған логотип қажет.
«Егер бүгін біреу «Х» әрпімен логотиптің жақсы нұсқасын жарияласа, онда ертең оны біз және бүкіл әлем қолданатын болады», - деп жазды ол.