Көктайғақ: Астанада қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді

CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырды

Sarbaz.kz редакторы
05/12/2023 - 16:06

Фото: Астана әкімдігі

Фото: Астана әкімдігі

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) көлік ағындары мен қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы төмендеді. Автобус бағдарларының кешігуі мүмкін. Қала ішіндегі кейбір көшелермен қоғамдық көліктің жүруі қиындады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі CTS баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда мұқият болуға және бағдарларды алдын ала жоспарлауға шақырды.

«Барлық жүргізушіні жолда мүмкіндігінше мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін таңдауға, шұғыл тежеуді болдырмауға шақырамыз. Біздің компанияның диспетчерлік қызметі қаладағы қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн режимде бақылайтынын атап өту қажет», - делінген CTS хабарламасында.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07