-33 градус аяз: елімізде алдағы үш күнде ауа райы күрт суытады

Синоптиктер болжамы жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
04/12/2023 - 22:32

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 5-7 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Синоптиктердің айтуынша, республиканың кейбір аймақтарында ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде. Аптаның басында республиканың батыс және солтүстік бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, онда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

«6 желтоқсанда еліміздің солтүстігінде қалың қар жауады, көктайғақ, боран болады деп күтілуде, тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіліп отыр. 7 желтоқсанда антициклонның солтүстік-батыстан келуіне байланысты бүкіл республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі: түнде елдің батысында, орталығында және шығысында 10-18 градусқа дейін аяз, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде 25-33 аязға дейін, оңтүстігінде 5-13 градусқа дейін аяз болады», - деп хабарлады «Қазгидромет».

×

Редакция

$ 488.45  529.19  5.04