Қорғаныс министрінің бұйрықтарына өзгеріс енгізілді

Заңнамаға сәйкес келмейтін нормалар белгіленді

Sarbaz.kz редакторы
04/12/2023 - 22:14

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Құқықтық актілер туралы» Заңның 50-бабының 1 және 2-тармақтары негізінде Қорғаныс министрінің бұйрықтарына жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесінде заңнамаға сәйкес келмейтін нормалар белгіленді.

Осыған байланысты бұйрықтардың қайталануын және тиімсіз іске асырылатын ережелерді болдырмауға бағытталған нормативтік құқықтық актінің жобасы әзірленді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 15 желтоқсанына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14824897 сілтеме бойынша танысуға болады.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41