Өткенге саяхат: музейлердің заманауи тенденциялары талқыланды

Қарулы күштердің тарихын зерттеу, әскери ғылым мен әскери өнерді дамыту мәселелері қаралды

Sarbaz.kz редакторы
04/12/2023 - 21:58

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде Қазақстан әскери тарихының өзекті мәселелері бойынша жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Онда Қарулы күштердің тарихын зерттеу, әскери ғылым мен әскери өнерді дамыту мәселелері қаралды. Сондай-ақ мұражай қорларын жинақтау, музей қағидаттарына және тарихи материалдарды беру құралдарына назар аударылды.

Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің бастығы Әлжан Ләззат конференция еліміздің әскери тарихының жаңа беттерін ашуға ерекше үлес қосатынына және өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін дамытуға қызмет ететініне сенім білдірді.

Конференция аясында шетелдік және қазақстандық ғалымдардың, әскери тарих, әскери медицина, археология, этнография, мұрағаттану және музейтану саласындағы зерттеушілердің 50-ден астам жұмыстары жиналды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91