Израиль премьер-министрі: Көздеген мақсатымызға жетпейінше соғысты тоқтатпаймыз

Бір апталық бітімгершіліктен кейін басталған қақтығыстардан кем дегенде 200 палестиналық қаза тапты

Ануар Маратов
04/12/2023 - 18:49

Фото: AP Photo/Mohammed Dahman

Фото: AP Photo/Mohammed Dahman

Израиль 2 желтоқсан күні Газаның оңтүстік бөлігіндегі нысандарға соққы жасады және шабуылдау үшін көптеген аудандарды эвакуациялауға бұйрық берді. АҚШ және басқа елдер Израильді бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Газадағы атысты тоқтату перспективасы бұлыңғыр болып көрінеді. Израиль келіссөзшілерін кері қайтарып алды. Ал ХАМАС басшысының орынбасары кепілге алынған адамдарды айырбастау Израиль тарапы соғысты тоқтатқаннан кейін ғана болады деп мәлімдеді.

«Біз соғысты көздеген мақсатымызға жеткенше жалғастырамыз, ал оған операциясыз қол жеткізу мүмкін емес», - деді премьер-министр Беньямин Нетаньяху.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, бір апталық бітімгершіліктен кейін қайта басталған қақтығыстардан кем дегенде 200 палестиналық қаза тапты.

×

Редакция

$ 478.93  534.96  5.16