180-нен аса адам құтқарылды
Өткен аптада елімізде 174 төтенше жағдай тіркелді. Оның 4-еуі – табиғи сипаттағы, ал 170-і – техногендік сипатта. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, құтқарушылар ТЖ орнына барлығы 1000 рет шықты. Оның барысында 181 адам құтқарылды. Аман қалғандар арасында 26 бала бар. Сол сияқты 43 адам (41 бала) эвакуацияланды.
112 құтқару қызметіне 134 мыңнан астам қоңырау келіп түсті және 111 дауылды ескерту жіберілді.