Оқиға 23 шілде күні сағат 21.57-де болған
Астанада жекеменшік жатақхана өртеніп, 60 адам эвакуацияланды. Бұл туралы Sarbaz.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«23 шілде күні сағат 21.57-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері Көктал ауданында жатақхана жанып жатқаны туралы хабарламаға жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты.
Оқиға орнына жеткен кезде анықталғандай, от 2-қабаттағы бөлмеде 20 шаршы метр аумақта шыққан. Жалын тез таралды, жоғарыдағы бөлмелерді түтін басты. Өрт сөндірушілер қою түтін арасында жұмыс істеді.
Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен иінді үш көтергіш арқылы 2 адам аман-есен құтқарылды, 60 тұрғын эвакуацияланды. Тұрғындарды орналастыру мәселесін жатақхана иесі шешеді», - делінген хабарламада.
ТЖД күштерімен тілсіз жау сағат 22.28-де оқшауландырылып, 22.48-де сөндірілді.
«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп нақтылады ведомстводан.