Ержан Сейітқұлов Президент Әкімшілігінде қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Sarbaz.kz редакторы
04/12/2023 - 15:45

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Ержан Сейітқұлов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нұраханұлы Сейітқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Ғани Өтенұлы Тілеубеков Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

×

Редакция

$ 475.18  510.72  5.47