Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылды

Бала 1 желтоқсанда жоғалып кеткен еді

Админ
03/12/2023 - 22:10

Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер министрлігі

Түркістан қаласында ойнауға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен 4 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

«3 желтоқсан күні күндіз үздіксіз жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 жасар баланың мәйіті көрші үй маңындағы кәріз құдығынан табылды. Баланың денесін судмедэксперттер тексеріп шығып, зорлық-зомбылық белгілерін таппады.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы, Полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы оқиға орнында жүр. Болған жғдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр», — делінген полиция мәліметінде.

Бүлдіршін 1 желтоқсанда жоғалып кеткен еді.

Іздестіру жұмыстарына 1 мыңға жуық адам тартылды. Оның ішінде полиция мен төтенше жағдай департаменттерінің жеке құрамы, ұлттық ұлан сарбаздары, волонтерлер бар.

2 желтоқсан күні дрон мен иісшіл иттер таратылды.

Ал 3 желтоқсанда әскерилер жұмылдырылғаны хабарланды.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.58  520.84  5.44