Бала 1 желтоқсанда жоғалып кеткен еді
Түркістан қаласында ойнауға шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен 4 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.
«3 желтоқсан күні күндіз үздіксіз жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 4 жасар баланың мәйіті көрші үй маңындағы кәріз құдығынан табылды. Баланың денесін судмедэксперттер тексеріп шығып, зорлық-зомбылық белгілерін таппады.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы, Полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы оқиға орнында жүр. Болған жғдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр», — делінген полиция мәліметінде.
Бүлдіршін 1 желтоқсанда жоғалып кеткен еді.
Іздестіру жұмыстарына 1 мыңға жуық адам тартылды. Оның ішінде полиция мен төтенше жағдай департаменттерінің жеке құрамы, ұлттық ұлан сарбаздары, волонтерлер бар.
2 желтоқсан күні дрон мен иісшіл иттер таратылды.
Ал 3 желтоқсанда әскерилер жұмылдырылғаны хабарланды.