Бұл ауа райына байланысты қабылданған шара
Қолайсыз ауа райына байланысты Астана мен Щучинск арасындағы көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Sarbaz.kz Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
3 желтоқсанда сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, көктайғақ), «Астана – Петропавл» республикалық тас жолының 18-234 шақырымы, «қала» учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Астана – Щучинск» қоғамдық және жүк көліктеріне арналған, - делінген ТЖД хабарламасында.