Актер Асқар Наймантаев қайтыс болды

Бұл туралы актердің достары әлеуметтік желіде хабарлады

Админ
02/12/2023 - 17:40

instagram.com/askar.naimantaev

instagram.com/askar.naimantaev

Танымал актер Асқар Наймантаев қайтыс болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

"Асқар ағамыз бақиға аттаныпты. Қайран асыл ер… Алла алдыңнан жарылқасын", - деп жазды Ерлан Рысқали Facebook-парақшасында. 

Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі Instagram-парақшасында ауруханада жатқан суреттерін бөліскен еді. 

Асқар Наймантаев - "Тамаша" ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал актер. Ол "Домашние войны", "Бастық боламын", "ОрыStar в Шымкентте", "Детектив әже", "Туысқандар", "Бұйымтай", "Өсекшілер" "Внуки в ауле" комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат", Бақытас Санитастың "Тезек" фильмдердінде ойнады. 

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07