Демалыс күндері 21 градусқа дейін аяз болады

Күн райы ел бойынша құбылмалы болады

Админ
02/12/2023 - 15:00

pexels.com

pexels.com

«Қазгидромет» РМК 2-4 желтоқсан аралығындағы күн райына болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Алдағы күндері белсенді Атлантикалық циклон жырасымен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады.

3 желтоқсанда – солтүстік-батыста және солтүстікте, 3-4 желтоқсанда – шығыста, 4 желтоқсанда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын болжанады.

Республиканың солтүстік жартысында жауын-шашынмен қатар көктайғақ пен бұрқасын күтіледі.
Ел бойынша тұман, 15-29 м/с екпінде жел болжанады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте желдің жылдамдығы кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болады.

4 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс антициклонының жотасымен суық ауа массалары енеді. Бұл Қазақстанның басым бөлігінде температураның күрт төмендеуіне әкеледі.

Солтүстік-батыс және солтүстікте түнгі сағаттарда 7-21 градус аязға дейін, ал орталық пен шығыста 5-15 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде 0-5 градус аязға дейін болжанады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91