Израиль Газа секторына әуе және артиллериялық соққылар жасап жатыр
Әлеуметтік желілердегі қысқа мәлімдемесінде Израиль қарулы күштері ХАМАС-ты Израиль территориясына зымырын ұшырды және «жедел үзіліс» шарттарын бұзды деп айыптады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
Сонымен қатар, жеке хабарламада Израильдің оңтүстігіндегі әуе дабылы туралы ақпаратты нақтылайды. Осы хабарлама бойынша Газадан Израиль аумағына бірнеше зымыран ұшырылды.
Уақытша бітімгершілік бүгін, 1 желтоқсан күні Газа уақыты бойынша сағат 7:00-де аяқталды.