Қасым-Жомарт Тоқаев Антикорға қосымша құзырет берді

Президент Жарлыққа қол қойды

Sarbaz.kz редакторы
21/07/2023 - 21:07

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бірқатар қосымша құзырет беретін Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жарлыққа сай, Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігіне мына функциялар берілді:

  • сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша әдепжөніндегі уәкілдермен өзара іс-қимыл жасау;
  • ҚР Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
  • мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
  • сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту.

Жарлық алғаш ресми жарияланған күннен, яғни 20 шілдеден бастап күшіне енді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91