Қарулы күштердің қару-жарағы мен әскери техникасы қысқа дайын ба?

Өрт сөндіру күштері мен құралдарын жергілікті жерлерде қолдану дайындығына да назар аударылды

Sarbaz.kz редакторы
30/11/2023 - 23:15

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың өкімімен ұйымдастырылған Бас штабтың, түрлер мен әскер тектерінің комиссиялары гарнизондар мен әскери бөлімдердегі қару-жарақ пен әскери техника қысқы кезеңде пайдалануға дайын деген тұжырым жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

ҚР Қарулы күштерінің 2023 оқу жылына арналған негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес қыркүйек және қазан айларында бөлімдер мен бөлімшелердің жеке құрамы қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану жағдайларына дайындаумен айналысты. Жұмыс үш кезеңде жүргізілді.

Комиссиялар қару-жарақ пен әскери техниканың қысқы пайдалану кезеңіне дайындығын, оларды сақтау тәртібін, атыс қаруы мен оқ-дәрілердің сақталуын тексерді. Қару-жарақ пен әскери техниканың жағдайы, олардың жеке құрамға бекітілуі, сондай-ақ жауынгерлер мен командирлердің сипаттамаларын білуі тексерілді.

Комиссия мүшелері есеп құжаттарымен, ауыстыру жоспарларымен және қару-жарақ пен әскери техниканың әрбір үлгісіне арналған жоспар-тапсырмалармен танысты. Өрт сөндіру күштері мен құралдарын жергілікті жерлерде қолдану дайындығына да назар аударылды.

Тексеру қорытындысы бойынша қару-жарақ пен әскери техниканың қысқы пайдалану кезеңіне дайындығына жоғары баға берілді.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85