Қазақстан мен Корея әскери-техникалық ынтымақтастығын арттырады

Астанада Қазақстан мен Корея әскери-техникалық ынтымақтастық комитетінің III отырысы өтті

Sarbaz.kz редакторы
30/11/2023 - 22:56

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ базасында Корея Республикасы Ұлттық Қорғаныс министрлігі (DAPA) Қорғаныс сатып алу бағдарламалары әкімшілігі Еуропа және Азия департаменті Халықаралық ынтымақтастық бюросының директоры Сонгмин Маның басшылығымен корей делегациясымен кездесу өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Аталмыш шара Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейспековтың төрағалығымен өтті. Оған Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, «Қазспецэкспорт» РМК, «Қазақстан инжиниринг» ҰК», «Семей инжиниринг», «Тыныс» акционерлік қоғамдарының, «Қазақстан Аселсан инжиниринг», «Қазақстандық авиациялық индустрия» және «Кеме жабдықтары мен сервисі» серіктестіктерінің өкілдері қатысты. 

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейтін хаттамаға қол қойды. Келесі отырыс 2024 жылы Корея Республикасында өтпек.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91