А.Балаеваның сөзінше, заң жобасында бірқатар нормалар ұсынылып отыр
ҚР Парламентінің Мәжілісі «Масс-медиа» туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Құжатты таныстырған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік органдардың БАҚ-тың ресми сауалына жауап беру мерзімін 7 күннен 5 күнге қысқарту нормасы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарапынан оң бағаланғанын айтып қалды, деп жазады Kazinform.
«Заң жобасында «масс-медиа», «грант», «бірыңғай медиа платформа», «Журналистердің құқықтары туралы ұлттық баяндама» деген ұғымдар енгізіледі», – деді министр.
А.Балаеваның сөзінше, заң жобасында мынадай бағыттағы нормалар ұсынылып отыр:
Депутаттар да, министр де талқылауда айтылған түйткілдер мен ұсыныстарды екінші оқылымға дейін пысықтап, әрқайсысы бойынша ортақ шешім қабылдау туралы пайымға келді.