Хостелдің ашылғанына бір жарым ай ғана болған
Алматыда өртке оранған хостелден құтқарылғандардың басым бөлігі – шетел азаматтары. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
«Хостел әкімшілігінің сөзінше, өз бетімен сыртқа шыққан адамдардың басым бөлігі – Өзбекстан, Қырғызстан, Пәкістан елдерінің азаматтары. Араларында қазақстандықтар да бар. Қаза тапқандардың кім екені анықталып жатыр», - деді ол.
Департамент басшысы өз сөзінде өртке оранған хостелдің ашылғанына бір жарым ай ғана болғанын айтып өтті.
«Үш қабатты ғимараттың жертөлесінен хостел ашқан. Бұл, негізі, заңға қайшы. Себебі жертөле адам тұруға арналмаған. Қанша жерден жабдықталса да», - деді Нұрлан Атығаев.