СҚО-да Ұлттық ұлан академиясының 17 курсанты қызылша ауруын жұқтырды – министр

Бастапқыда 29 науқас туралы хабарлаған

Sarbaz.kz редакторы
29/11/2023 - 22:45

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында 17 курсант қызылша ауруын жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бастапқыда Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы 29 науқас туралы хабарлаған. Алайда министр бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«29 адам күдіктеніп (қызылшаға – шамамен) түсті, оның 17-сінде жағдай расталды. Қазір респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиологиялық маусымы жүріп жатыр, түрлі инфекциялар бар, соның ішінде тұмау, парагрипп бар. Қалғандарына басқа диагноздар қойылды», - деді Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде.

Министрдің айтуынша, 16 адам сауығып, ауруханадан шыққан. Бір адам медициналық бөлімде емделіп жатыр. Бұл ретте академияда карантин енгізілмеген.

«Біреуі (шамамен – курсант) бүгінде медициналық бөлімде емделіп жатыр. Қалғандары емделді. Негізінен, осыған дейін екпе алған немесе ауырған адамдар өмір бойы тұрақты иммунитетке ие», - деді Ғиният.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85