KAZCENT базасында оқудан өтті
ҚР ҚМ Бітімгершілік операциялар орталығында (KAZСENT) француз тілі курсының түлектеріне халықаралық үлгідегі сертификаттар мен дипломдар табыс етілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Салтанатты іс-шараға арнайы қонақ – Алматы қаласындағы Француз Альянсының директоры Жанна Ізтаулетова қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Франция мен Қазақстанның әскери ведомстволарының ынтымақтастығы аясында KAZCENT базасында Қазақстан Қарулы Күштерінің 10 әскери қызметшісіне француз тілін қарқынды оқытудың үш айлық курстары өткізілді.
Бақылау тестілеуінің нәтижелері бойынша барлық тыңдаушылар «DELF A1-A2» деңгейінде тілді табысты меңгергенін растады.
«Келешекте тыңдаушылардың тілді «B1» деңгейінде меңгеруі – әскери қызметшілердің негізгі қарым-қатынас тілі француз тілі болып саналатын Африка елдеріндегі бітімгершілік миссияларға қатысу мүмкіндігін ашады», - деп атап өтті орталықтың тілдерді даярлау басқармасының аға офицері майор Эдуард Хе.