Ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды
«Қазгидромет» РМҚ 2023 жылғы 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, жақын күндері Қазақстанның барлық өңірінде қар мен жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыстағы өңірлерде қатты жауын-шашын түсуі мүмкін. Тек оңтүстік-батыста, 1-2 желтоқсанда елдің оңтүстігінде күн ашық болады.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын мен жел болжанады.
Ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.
Айта кетейік, осыған дейін биыл қыс мезгілі ерекше жылы болатынын хабарлаған болатынбыз.