Астанада мұз астына түсіп кеткен баланы кездейсоқ өтіп бара жатқан адам құтқарды

Оқиға 27 қараша күні болған

Sarbaz.kz редакторы
29/11/2023 - 15:42

Астанада мұз астына түсіп кеткен жасөспірімнің құтқарылып жатқаны туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды. Бозбала Ақбұлақ өзеніне батып кете жаздаған, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Instagram желісіндегі парақша 2006 жылғы баланың құтқару барысы туралы бейнеролик жариялады.

«Оқиға 27 қараша күні болды. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың, әсіресе осы жігіттің арқасында оқиға жақсы аяқталды. Ол арқанды өзіне байлап, ойланбастан құтқаруға ұмтылды. Баланың мұз астына қалай құлап кеткені әзірге белгісіз, куәгерлердің айтуынша, телефонмен сөйлесіп жүргенінде, мұз қатқан өзеннің үстіне шығып кеткен», - деп жазылған парақшада.

Елордалық ТЖД оқиғаның Байқоңыр ауданындағы Амман көшесі бойында болғанын растады.

«Құтқарушылар келгенше суға батқан жасөспірімді кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам құтқарды. Ол жасөспірімді судан жағаға шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған, онда балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта жасөспірім №2 балалар ауруханасында жатыр. Қуанышымызға орай, ол құтқарылды», - деп хабарлады департамент.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91