Қасым-Жомарт Тоқаев Албанияны Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Ол Албания Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Sarbaz.kz редакторы
28/11/2023 - 23:44

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

– Бүгінде Албания тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің одан әрі қарыштап дамуына, еліңіздің мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Албания халқына құт-береке тіледі.

Тегтер

×

Редакция

$ 475.39  513.37  5.4