Араб көшбасшылары Израильге қарсы шығудан бас тартты – Hurriyet газеті

Hürriyet басылымы мұсылман елдерінің басшыларын Газа секторындағы соғысқа қарсы үнсіз отырғаны үшін сынға алды

Нұрдәулет Кәкіш
28/11/2023 - 20:30

Фото: Dünya Gazetesi

Фото: Dünya Gazetesi

Газа секторындағы жағдайға арналған Араб Лигасы мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының соңғы саммиттерінде БАӘ, Сауд Арабиясы, Марокко және Бахрейн өкілдері мұнай эмбаргосын қолдану және Израильмен дипломатиялық қатынастарды тоқтату идеясын қолдамады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Түркияның Hurriyet газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым араб елдерінің халқының саны мен экономикалық жағынан артықшылығына қарамастан, шамамен 10 млн халқы бар Израиль араб басшыларының қысымына төтеп бере алғанын атап өтті.

«Мұнай эмбаргосы, Израиль ұшақтарының араб елдерінің әуе кеңістігіне кіруіне тыйым салу және барлық қатынастарды тоқтату сияқты ұсыныстарды Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Марокко және Бахрейн қабылдамады», - деп жазды газет.

Hürriyet басылымы аталған мұсылман елдерінің басшыларын Газа секторындағы соғысқа қарсы сөйлемегені үшін сынға алды.

Басылым Израиль премьер-министрі Нетаньяху араб елдерінің басшыларына сес көрсетіп, үндемеуге кеңес бергенін, анклавтағы Израильдің әрекеттеріне жауап қатпағанын хабарлады.

«Егер сіз өзіңіздің жеке мүддеңіз бен күшіңізді қорғағыңыз келсе, тек бір нәрсені істеуіңіз керек, ол – үндемеу», - деп келтірді түрік газеті Нетаньяхудың сөзін.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16