Израиль уақытша бітімгершіліктен кейін Газаға көбірек күш жұмсайды – Израиль қорғаныс министрі

Бұл туралы Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галант мәлімдеді

Ануар Маратов
28/11/2023 - 18:41

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Израильдің Қорғаныс министрі Йоав Галант уақытша бітімгершіліктен кейін армия Газа секторында ХАМАС-пен соғысқа көбірек күш жұмсайды деп мәлімдеді. Галанттың айтуынша, операция бүкіл аумақты қамтиды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі The Times of Israel-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Бізде бірнеше күн бар. Содан кейін күреске қайта ораламыз. Біз қазіргіден де көп күш қолданамыз», -  деп Галант «Гивати» жаяу әскер бригадасы мен құрыш танк әскерінің қызметкерлеріне айтты.

Ол ХАМАС жекпе-жекті қайта бастағаннан кейін алдымен әуе күштерінің бомбалары, содан кейін танктер мен артиллериялық снарядтар және бронды бульдозерлер, ары қарай жаяу әскерлер жұмылдырылады деп уәде берді.

«Біз сектордың барлық аумағында күресетін боламыз», — деп қорытындылады қорғаныс министрлігінің басшысы.

Айта кетейік, Израиль мен ХАМАС Катардың делдалдығымен кепілге алынған адамдарды босату үшін Газа секторында төрт күнге созылатын уақытша бітімді жариялады. Ол 24 қарашада таңертең басталды. 27 қарашада Катар СІМ атысты тоқтату режимі тағы екі күнге ұзаратыны туралы жариялады. Бұл туралы келісімді Ақ үй мен ХАМАС өкілдері растады. ХАМАС уақытша бітім бастапқы шарттармен жалғасатынын хабарланды.

Тегтер

×

Редакция

$ 476.27  515.47  5.41