Ресей теңіз жаяу әскері бригадаларын дивизияларға қайта құрайды

Мұндай қадамның қандай артықшылықтары бар?

Ануар Маратов
27/11/2023 - 22:58

Бұл туралы Ресей әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының орынбасары Виктор Астапов «Красная звезда» Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің газетіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы Сергей Кужугетович Шойгудың шешіміне сәйкес теңіз жаяу әскерлерінің бригадаларын дивизияларға қайта құру жоспарланған, бұл теңіз жаяу әскерлерінің жауынгерлік мүмкіндіктерін едәуір арттырады», - деді Астапов.

Басылымның жазуынша, Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бері, тіпті КСРО-ның Әскери-теңіз күштері полктер мен батальондарға артықшылық бере отырып, теңіз жаяу әскерлерінің мұндай ірі құрамаларын құрған жоқ.

«Әрине, бұл Ресей Федерациясының теңіз жаяу әскерлерін Украинадағы жауынгерлік қолдану тәжірибесінің және басшылықтың осы бөлімшелердің жауынгерлік мүмкіндіктерін арттыруға деген ұмтылысының салдары. Алайда, Ресей әскери-теңіз күштерінде жеткілікті кадрлар, жабдықтайтын техникасы жеткілікті ме? Бұл қайта құрылған бөлімшелердің жеделдігі мен ұтқырлығына әсер ете ме?

Қазіргі таңда, Ресей Федерациясының әскери-теңіз күштерінің құрамында 4 жеке бригада, 1 жеке полк және 2 жеке батальон бар», - деп жазады басылым.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының 177-ші жеке теңіз полкі (Дагестан Ресупбликасы, Каспийск қаласы) Каспий теңізінде орналасқан.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91