La Tribune басылымы Rafale жойғыш ұшақтары Қазақстанға сатылуы мүмкін деген ақпарат жариялады
Қорғаныс министрлігі Францияның La Tribune басылымына шыққан Rafale жойғыш ұшақтарына қатысты ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Кеше, яғни 26 қараша күні Францияның La Tribune басылымы Dassault Aviation компаниясы Қазақстанға Rafale жойғыш ұшақтарын сатуды қарастырып отырғаны туралы ақпарат жарияланған. Аталмыш басылым Франция президентінің Қазақстанға сапарының негізгі мәні осы болатын деп хабарлайды.
Бүгін осыған қатысты Қазақстанның Қорғаныс министрлігі ресми жауап берді. Қорғаныс ведомствосы Францияның La Tribune басылымы таратқан «ақпарат шындыққа жанаспайтынын» мәлім етті.