Бір апта бұрын Жезқазған байыту фабрикасында машинист жұмыс кезінде көз жұмған еді
«Қазақмыс» компаниясының Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Компанияның хабарлауынша тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері өлімге алып келетін жарақаттар алды.
«Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген компания хабарламасында.
Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында машинист жұмыс кезінде жазатайым жағдайда көз жұмған еді.