Швециядағы Түркия елшілігінде Құранды өртеген адамды ұстауға ордер берілді

Оқиға 21 қаңтар күні болған

Sarbaz.kz редакторы
21/07/2023 - 18:26

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Түрік соты қаңтар айының соңында Стокгольмдегі Түркия елшілігі ғимаратының алдында Құранды өртеген Данияның «Қатты курс» партиясының жетекшісі Расмус Палуданы ұстауға ордер берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік хабарлағандай, Палуданға діни құндылықтарды көпшілік алдында қорлады деген айып тағылды.

Тергеу аясында Түркияның Бас прокуратурасы сотқа Палуданы куәгерлік ету үшін ұстау туралы өтінішпен жүгінді. Сот сатысы өтінішті қанағаттандырды.

Стокгольмдегі Түркия елшілігінің алдындағы ереуіл 21 қаңтарда Швеция билігінің мақұлдауымен өткен болатын.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85