Астанада үйінде таяқ жеген 7 жасар қыз ауруханаға түсті

Бұған дейін Балалар омбудсмені Екібастұзда 7 жасар Милананың өлімі туралы айтқан болатын

Админ
27/11/2023 - 00:23

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Instagram желісіндегі парақшасында Астанада 7 жасар қыздың үйінде соққыға жығылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Мен үйде жүйелі түрде ұрып-соғу салдарынан ауруханаға түскен 7 жасар қызды көруге бардым. Бала ауруханада қалып, үйге оралғысы келмейді», — деп жазды Зәкиева.

Балалар омбудсмені мектепте баланы ұрып-соғудың ізі анықталғанын айтты.

«Мұғалімдер бірден балалар құқығын қорғау мекемесіне хабар берген. Ол үйде тағы 6 бала бар», - деп қосты Зәкиева.

Бұған дейін Балалар омбудсмені Екібастұзда 7 жасар Милананың өлімі туралы айтқан болатын.

Ол қазақстандықтарды балаларға қатысты зорлық-зомбылықты байқаса, белсенді түрде тиісті орындарға жеткізуге шақырды. Сондай-ақ Зәкиева балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігін баса айтты.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91