Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды
25 қарашада "Құқықтық тәртіп" жедел алдын-алу шарасы барысында Тобыл қаласындағы патрульдік полиция қызметкерлері 2017 жылдан бері автокөлікті басқаруға құқығы жоқ 34 жастағы "Мерседес" жүргізушісін ұстады. Жүргізуші мас күйінде болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Тоқтаған кезінде жүргізуші алдыңғы жолаушылар орындығына ауысып, өзін жолаушы секілді көрсетті. Ал көлікте басқа ешкім болмады.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды. Бүгін жүргізушіні Қостанай аудандық соты 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды.