Қазақстанда жастарға психологиялық қолдау көрсету қызметі жұмыс істейді

Жоба жастардың өзінің болашағына деген қорқынышын азайтуға бағытталған

Админ
26/11/2023 - 22:33

pixabay.com

pixabay.com

Жасөспірімдерге және жастарға анонимдік психологиялық көмек көрсету қызметі BFLine.org сайтында қолжетімді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазақстанда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жастарға психологиялық көмек көрсету бойынша жобаны іске асыру жалғасып жатыр. Жоба жастардың өзінің болашағына деген қорқынышын азайтуға, психологиялық денсаулығын нығайтуға және психологиялық көмекке жүгіну мәдениетін арттыруға бағытталған.

«Bilim foundation» ҚҚ әлеуметтік жоба аясында BFLine.org жасөспірімдерге және жастарға психологиялық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастырды. Мұнда жастарға менталды денсаулық, олардың әлеуметтік қызметі және коммуникативті үрдістеріне байланысты ауқымды мәселелер бойынша психологтардан тегін әрі құпия түрде кеңес алуға мүмкіндіктер бар.

BFline.org – бұл жоспарлы түрде көмек көрсету қызметі. Бұл сол мезетте жауап беретін сенім телефоны емес. Кеңес алуға өтінімді қалдырған жастар онлайн кездесу күні мен уақытын белгілейтін біздің оператордың қоңырау шалуын күтуі қажет. Біздің мамандарға адамның менталды психологиялық хал-ахуалы, күш-жігерін жоғалтқанда, ата-анасымен, құрдастарымен, әріптестерімен немесе қарама-қарсы жыныс өкілімен туындаған дау-жанжал жағдайларда көмекке жүгіне алады. Сонымен қатар жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша да қолдау көрсете аламыз. Жұмысқа тұрар алдында әңгімелесу барысында өзін қалай көрсету керек, жаңа ұжымға қалай бейімделу қажет екені туралы кеңес береміз, – дейді жоба жетекшісі Жанат Досжанова.

Оның айтуы бойынша, жоба басталған күннен бастап BFLine.org сайты арқылы 584 жас адамдар кеңес алды. Басым жағдайларда үрей халі, өзіне деген сенімсіздігі, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастар, реніштер кеңес алуға себеп болды. Жобаның соңына дейін психологиялық қолдау көрсету қызметі жастарға 5 мыңнан астам кеңес береді деп күтіліп отыр.

Тегтер

×

Редакция

$ 472.57  508.34  5.4