Қазақстандық аспаз Түркиядағы гастрофестивалде жеңіске жетті

Фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен 750-ден астам аспаз мамандары қатысқан.

Админ
26/11/2023 - 16:02

Instagram/bagdat_cook

Instagram/bagdat_cook

Бағдат Қадыров Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық фестивальге қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Жарыстың қалай өткені туралы Бағдат Қадыров Instagram парақшасында айтып берді.

Фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен 750-ден астам аспаз мамандары қатысқан.

Аспаздардың әзірлеген тағамдарын 15 елден келген қазылар алқасы, соның ішінде Мишлен жұлдызы иегерлері бағалады.

Фестивальге екі номинация бойынша қатысып, 1-ші және 2-ші орындарға ие болдым. Әділқазылардың дайындаған тағамдарыма деген реакциясы маған қатты ұнады, – деп қуанышымен бөліседі Бағдат өз парақшасында.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85