Шымкентте ұландықтар ұрлық жасады деген күдікті ұстады

Ұландықтар күдіктіні дереу ұстады

Админ
26/11/2023 - 02:34

gov.kz

gov.kz

ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Шымкент көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында қылмысқа күдіктіге бағдарланған сипаттама бойынша ұқсас азаматты көрді.

Оқиға кеше кешкі сағат 20.30 шамасында болды. Қатардағы жауынгер Балтабек Әбілда бастаған әскери жасақ Ш. Уәлиханов көшесін күзетіп, Елшібек батыр көшесінің қиылысында күдікті адамды байқады. Сырттай оның белгілері қазір іздестіріліп жатқан күдіктінің белгілерімен сәйкес келді.

Ұландықтар күдіктіні дереу ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабында көзделген «Ұрлық» қылмыс жасады деп күдіктелген Шымкент қаласының тұрғыны азамат А. болып шықты. Одан әрі талқылау үшін ұсталған адам полиция бөліміне жеткізілді.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.05  534.57  5.17