Бағдадта наразылық білдірушілер Швеция елшілігіне шабуыл жасады

Ирак наразылық білдірушілердің шабуылын айыптады

Нұрдәулет Кәкіш
21/07/2023 - 17:25

Фото: AP

Фото: AP

Ирактың Сыртқы істер министрлігі Швецияның Бағдадтағы елшілігіне наразылық білдірушілердің шабуылын айыптайтын мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап.

«Ирак үкіметі Құзыретті қауіпсіздік органдарына шұғыл тергеу жүргізуді және оқиғаның мән-жайын ашу үшін қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырды. Бұл әрекетке кінәлілерді анықтап, оларды заңға сәйкес жауапқа тартты», - делінген Ирак СІМ мәлімдемесінде.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жүздеген наразылық білдірушілер бейсенбі күні таңертең Ирак астанасы Бағдадтағы Швеция елшілігінің басты қақпасына шабуыл жасаған бейнелер пайда болды.

Бағдадтағы ереуіл куәгерлері CNN-ге шерушілер Швеция елшілігінің периметрінен оның бір бөлігін өртеп жібергеннен кейін қасиетті кітапты өртеу әрекетіне наразылық білдіргендерін айтты.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85