Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

25-27 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Админ
25/11/2023 - 15:09

"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстан бойынша 2023 жылғы 25-27 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Синоптиктердің болжамынша, ел бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Республиканың батысы мен солтүстігінде қар мен бұрқасын байқалған Атлантикалық циклон біртіндеп солтүстік-шығысқа қарай жылжиды. Ал оңтүстік-батыстан антициклон енеді. Онымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының қысқа мерзімді төмендеуі болжанады: солтүстік аймақтарда түнгі сағаттарында ауа температурасы 5-10 градус аязға дейін төмендейді. Бірақ антициклон елімізде тұрақталмайды. Себебі, батыстан Атлантика аудандарынан тағы бір циклон жылжиды. Бұл ауа райының тұрақсыз сипатын тағы да анықтайды. Жауын-шашын, мұзды жаңбыр мен қар түрінде жауады, бұрқасын мен жел күшейеді және көктайғақ құбылыстары байқалады. Ал температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. Тек оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болжанады, - делінген хабарламада.
×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91