Тинькофф банк шығарған карталардың шетелдегі жұмысы тоқтатылады

Банк 2023 жылдың ақпанында ЕО-ның санкциялар тізіміне енгізілді

Sarbaz.kz редакторы
21/07/2023 - 16:44

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

21 шілдеден бастап Тинькофф банк шығарған қытайлық Union Pay төлем жүйесі карталарының шетелдердегі жұмысы тоқтатылады. Бұл туралы Sarbaz.kz кредиттік ұйымның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жақын арада банкоматтан қолма-қол ақша шығарып алуды ұсынамыз», - деп жазды аталған банк өзінің телеграм арнасында.

Ал Ресейде карталар әдеттегідей жұмысын жалғастырады.

Жақын арада Тинькофф банк Union Pay карталарын шығаруды тоқтатады.

Тинькофф банкі бейсенбіде АҚШ пен Канаданың тыйым салу санкцияларына ұшырады. Банк 2023 жылдың ақпанында ЕО-ның санкциялар тізіміне енгізілді. Мамыр айында Ұлыбритания санкциясы салынды.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85