4-қабаттан екі жасар баланы лақтырып жіберген шымкенттік қамауға алынды

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі – 99 бабы «адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды

Sarbaz.kz редакторы
24/11/2023 - 20:43

Фото ашық көздерден алынды

Фото ашық көздерден алынды

Екі жасар баланы 4-қабаттан лақтырып жіберген шымкенттік қамауға алынды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Шымкентте 2021 жылы туған сәбиді психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы 4-ші қабаттың терезесінен төменге тастап жіберген.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі – 99 бабы «адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жас бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. 40 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

×

Редакция

$ 513  541.16  4.69