Ұзынағашта 6-сынып оқушысы суицид жасады

Полиция өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған

Sarbaz.kz редакторы
23/11/2023 - 18:01

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында 11 жастағы мектеп оқушысы суицид жасады. Бұл оқиғаны Жамбыл аудандық әкімдігі растады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Полиция аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бала Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде оқыған. 6-сынып оқушысының суицидке баруының себебі белгісіз.

«Бұл оқиға демалыс күні баланың отбасында болған. Мектеп оқушысы толық отбасынан шыққан. Мектептен ешқандай қысым көрмеген, оқу үлгерімі де жақсы.  Ата-анасының екеуі де жұмыс істейді. Әкесі жедел жәрдем қызметінде, анасы да медицина саласында. Баланың қысым көргені жайлы ақпарат жоқ, арнайы тергеп-тексеру жүріп жатыр. Неге мұндай қайғылы жағдай болғаны түсініксіз. Сенбі күні кешкі уақытта орын алған», - деді Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ал Алматы облысының әкімдігі қайғылы жағдайға душар болған отабасына жан-жақты қолдау көрсететіндерін айтты. Жалпы Алматы облысында өз өмірлерін қиятын балалар саны азаймай тұр.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91