Мәжіліс депутаттары заңды бірауыздан қабылдады
Мәжіліс «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы төртінші хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша, аталған Төртінші хаттама Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жарғысының 8 және 17-баптарына екі толықтыру енгізуді көздейді.
Бірінші толықтыру ұйымға мүше мемлекеттердің биологиялық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл бөлігінде қызметінің бағытын кеңейтеді.
Екінші толықтыру рәсімдік сипатқа ие және Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша Бас хатшының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды көздейді.
Мәжіліс депутаттары заңды бірауыздан қабылдады.