Бұл президент Эммануэль Макроның сапары кезінде болған деп хабарланды
Өзбекстан Францияның Rafale көп мақсатты жойғыш ұшақтарын сатып алуға қызығушылық білдірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Inelligence Online-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Ташкент Rafale ұшағының 24 данасын сатып алуға қызығушылық білдірді.
Айта кетейік, Макрон Өзбекстанға осы жылдың қараша айының басында Қазақстанға сапарынан кейін барған болатын.
Егер ақпарат расталса, бұл кеңестік авиациялық техникадан бас тартқысы келетін тағы бір ел болады. Өзбекстанда қазір жүзге жуық ұшақ бар, оның ішінде 38 МиГ-29, 25 Су-27 және 20 Су-25 жауынгерлік ұшақтары бар. Бұл машиналардың көпшілігі сақталынады. Олардың шығу жылына және тозуына байланысты пайдасы әзірге белгісіз.
Ал Rafale әлдеқайда пайдалы және парадоксальды түрде үнемді машина болуы мүмкін. Әр ұшақ көптеген тапсырмаларды орындай алады.