Астана маңындағы елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша тоқтады

Оған ауа райының күрт нашарлауы себеп болып отыр

Sarbaz.kz редакторы
22/11/2023 - 19:06

22 қараша күнгі сағат 12.20-дағы ақпарат бойынша ауа райының нашарлауына және жолдардың жабылуына байланысты Астана қаласының маңына қатынайтын қоғамдық көліктердің қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі CTS баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қала маңы бағдарлары жолаушылары назарына!

Ауа райының нашарлауына (жауын, көктайғақ, қатты жел) және жолдардың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын барлық бағдардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Қоғамдық көлік қозғалысы бойынша барлық өзгерістерді @cts_kz парақшасынан бақылаңыз», - делінген ақпаратта.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07