ХАМАС төрт күндік атысты тоқтату туралы келісімді растады

CNN телеарнасының мәліметінше, келісімнің қашан күшіне енетіні әлі де белгісіз

Sarbaz.kz редакторы
22/11/2023 - 18:29

Фото ашық дереккөзден

Фото ашық дереккөзден

ХАМАС қозғалысы Израильмен атысты тоқтату туралы келісімнің жасалғанын растады және оның кейбір мәліметтерін Telegram-да жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап.

Мәлімдемеде екі жақтан да атысты уақытша тоқтату төрт күнге созылатыны хабарланды. Осы кезеңде Израиль Газа секторының барлық аудандарында әскери техниканың қозғалысын тоқтатады.

Гуманитарлық көмек көрсететін автокөліктер, соның ішінде дәрі-дәрмектер мен отын Газаға кедергісіз кіреді.

Газаның оңтүстігінде ұшқышсыз ұшу бітімгершілік кезінде тоқтатылады. Солтүстікте олардың ұшуына жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін тыйым салынады.

Бітімгершілік кезеңінде Израиль Газа секторының барлық аудандарында ешкімге шабуыл жасамауға немесе қамауға алмауға міндеттенеді.

Бұған дейін Израильдің Министрлер кабинеті ХАМАС ұрланған 30 бала мен 20 әйелді босатады деген келісімді мақұлдады деп хабарлаған болатын.

Израиль дереккөздеріне сілтеме жасаған CNN телеарнасы егер кепілге алынғандардың саны көбейсе, бітімгершілік мерзімі ұзартылуы мүмкін екенін хабарлады.

Дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасаған CNN телеарнасының мәліметінше, келісімнің қашан күшіне енетіні әлі де белгісіз.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91